ШОРТАНБАЙ Шортанбай КАНАЙУЛЫ омири мен шыгармашылыгы туралы зерттеулер, макалалар

ҒҰМЫРНАМА

КӘМЕЛ ЖҮНІСТЕГІ

Өткен ғасырда - ақ өзінің терең философиялық көзқарасымен де, еркіндікті аңсаған асау жырымен де түркі әлеміне қатты әсер еткен Шортанбай мұрасы XX ғасырда сан дауға түсіп, бар ғұмырын жіктеп айтатын кешегі ауылдағы дуалы ауыз қариялардан өмір жолы толық жазылып та алынбады.

Ақынның нағашы жұрты бір кезде Ғабиден Мұстафин ғапа жазып Ескен қария да, оның баласы Әбді садықта үнемі келді. Бұл түбегейлі ойды жеткізуші арамыздағы көзі тірі қарт ұстаз Жұматай Құтжан тегі екенін де айта кетелік.

Шортанбай туралы алғаш мәліметті 17—18 жасында оның атқосшысы болған Әбеу ақсақал, Көпжан Бәймен ұлы берсе, кейінде Ескен жыршыдан, толғауларын айтқаны үшін жиырма жылға жуық ғұмырын саяси лагерьде өткізген Анарбектен, тоқсанға келіп көз жұмған Қази ақыннан алған едік.

Күні бүгінге дейін қожаның бәрі Қаратаудан деген сарынмен оның туған жері туралы да жаңсақ пікір қалыптасқан. Шортанбайдың анасы кім екенін, нағашысының атын біле бермейтін, әкесі Қанай туралы еш дерегі жоқ адамдардың жаңсақ пікірі жұртты шатастырады.

XVII ғасырда Шұбыртпалы руы Арқаға қоныстана алмай, сыр бойын мекен етіп жүргенде Шортанбайдың бабалары сол румен қыз алысып, араласып бірге көшіп жүрген. Ақынның әкесі Қанай Арқадағы Айыртауды (Ақадыр маңы) мекен өтіп, Сарым ішіндегі Нақып қожаның қызы Шүкіманға үйленеді. Нақып — осы деректерді айтушы Есмағанбет қарияның үлкен әкесі. Нақып қожаның үлкен қызы Гүлім жан Көр сән Бидай тегі базарға тұрмысқа шыққан. Гүлім жан ақылды да өткір адам болған. Онан күйеуі Базар да ығып отырады екен.

Базар

Хан алдына барғанда

Хан таппаған мінімді.

Би алдына барғанда

Би таппаған мінімді.

Гүлім жанның алдында

Көрмей-ақ қой күнімді.

деген. Гүлім жанның мазары Босаға стансасына жақын. Бәйбішенің өзі ұстаған кебеже, сандықтарының беті мазардың маңдайшасына қондырылған. Шортанбайдың әкесі Қанай осы маңдағы — бүгінде Қанай бұлағы атанған жерге бұлақ суын бұрып, егін салған. Егін арығынын, ізі әлі сайрап жатыр. Осы мәліметті алғаш айтқан Шортанбай үшін 18 жыл түрмеде отырған Анарбек жыршы — Базардың немересі. Базар — Шортанбайдың әкесі Қанаймен туған бажа.

Ақынның өзі де Бес ата ішіндегі Қояншы тағай — Сарымның бір қызына үйленсе (қазіргі үлкендер оны жіктеп айта алмай отыр), баласы Аязбайды Жанғұттының Қасеннің қызына, Алда бергенін Есбайдың немересіне үйлендіріп, қызы Бәтішті Бөрі бай Ақпан байға тұрмысқа ұзатқан. Ал жалғыз қарындасы Қала ұлыны кезінде Кәрсән — Қозы бақ Бейсен дегенге берген еді. Одан туған Кәрі бек күйші белсенділердің қолынан қаза тапқан.

Қасен қызына үйленген Аязбай әкесінен бұрынырақ 70-жылдардың орта шенінде қаза болған. Онан зұлмат заманнан етіп бізге жеткен тұқым жоқ.

Міне, осы тұста алпысты алқымдап қалған Шортанбай Ойыл, Қостанай, Қызылжар, Кереку, Семей, Жетісу, Шу өңірін аралап, ел мұңын жырлап, насихатын айтудан бір танбаған. Оның 1881 жылғы Семей сапары да осының бірі еді. Барарында да, қайтарында да Қарқаралыға соғып, Құнанбай ауылында болады. Ауылға күншілік жол қалғанда түнде далаға түнеген екен, сонда дүниеден қайтары туралы аян беріліпті дейді қариялар. Аязбай тоғанындағы өз үйіне жете алмаған ақын әрі досы, әрі құрдасы Жанғұттының үйінде болашақты болжаған жырын айта отырып, дүниеден көшеді.

Шортанбай Жақсы Жәкеңе өзін нағашы Ыбырайымның мазары іргесіне жерлеуін тапсырып, ертең ертемен Жәкең қабірінің басына келсе, рухы бұл маңнан кетіп бара жатқанының куәсі боларын да айтыпты.

Ақын қабірі басына әзірше мазар салмауын, оны бүлдіріп тастар заман да болатынын, кейінгі ұрпақтар тұсында ғана рухы көтерілетінін, сол ұрпақтар қабірін қамқорлыққа аларын ескертіп кеткен екен.

Шортанбай досының бар айтқанын көзі көрген Жақсы Жәкең келер жылы Мекеге қажылық сапарға шығып, сонда — Мекеде дүниеден қайтқан. Жанғұтты әрі досы, әрі құрдасы Шортанбай қазасын оның отбасы, бала - шаға былай деп естірткенін Анарбек жыршыдан алған едік:

Алланың бір мекені

Түр тағы еді, Шортанбай әулиенің ұрпағы еді. Мұңдас бала жастан бірге өскен — Жақсыға жол үшінде ажал келді.

Елі мен жерінің мұңын жырлап, қолынан келгенінше қамқоры болған ақын рухы көтерілер заман да, оның ойлы, ырысты мұрасын дәріптер ұрпақ та дүниеге енді келгендей. Ұлы ақынның арманы орындала бергей.